Батысқазақстандық сақшылар тағы да қан тапсырды (фото)

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасы қызметкерлері 3 ақпан күні «Бала - басты жолаушы» республикалық шарасы аясында қан тапсырды.

Аталмыш басқарма инспекторы, полиция капитаны Динара Әбділқалықованың айтуынша, бұл жолы жиырмадан астам сақшы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балалар үшін 10 литрден астам қан берді.

Айта кетейік, облыстық қан орталығына әкімшілік полиция қызметкерлері жиі келеді. Олар жылына екі-үш рет қан тапсырады.

«Мен бірінші рет қан тапсырып тұрмын. Полицияда жұмыс жасағаныма көп бола қойған жоқ. Менің қаным бір балаға жәрдемге жараса, мақсатымның орындалғаны», деді жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкері, полиция кіші сержанты Мирас Касьянов.

Соңғы жаңалықтар