Батысқазақстандық сақшылар 10 келідей марихуананы тәркіледі
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО ішкі істер департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасы мен Зеленовқа қарасты Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Орал-Кирсанов жолы бойында, Чиров ауылына бұрылар тұста 38 жасар осы аудан тұрғыны айдап келе жатқан «Фольксваген-Пассат» автокөлігін тоқтатты.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, автокөлікте тағы екі адам болған. Тексеру кезінде аспалы сөмкеден, жолаушылар қалтасынан, сондай-ақ жүргізушінің мекенжайынан есірткіге ұқсас заттар табылған. Сараптама қорытындысына сәйкес мұның бәрі марихуана болып шықты. Кептірілген мариухананың жалпы салмағы 10 келідей болды. Атап айтқанда, аспалы сөмкеден 4 келідей, жүргізушінің мекенжайынан 6 келідей, оған қоса бұрын сотталған 40 жасар облыс тұрғыны - жолаушының қалтасынан 47,62 грамм, 36 жасар ер адамнан 8,67 грамм марихуана табылды.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандардың екеуі қамалды. Ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз дайындағаны, өңдегені, алып-сақтағаны және тасымалдағаны үшін олар үш жылдан жеті жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам




