Батысқазақстандық полиция қызметкерінің батыл қимылы көпке үлгі
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасының жүргізуші-полицейі, полиция аға сержанты Ғабит Нұғманов өз қызметіне адал болудың үлгісін көрсетіп келеді. Қылмыс атаулыға төзбейтін ол тіпті қажет кезінде батыл қимылдай да біледі. Оған төмендегі оқиға дәлел.
Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы сәуір айында Ғ.Нұғманов қызмет бабымен қала көшесімен көлікпен келе жатып, кенет белгісіз біреудің көшедегі үйлердің бірінің қақпасынан ыршып түсіп, жүгіріп бара жатқанын байқайды. Оның бұл жүгірісіне күдікпен қараған тәртіп сақшысы біреуден қорқып қашып кетіп бара жатыр немесе бірдеңе бүлдіріп қойған болса керек деп, артына түседі. Бір кезде ол үйлердің жанында орналасқан гараждардың арасына кіріп кетеді. Кенет артынан қалмаған тәртіп сақшысына бұрылып, қаруымен атып жібермекші болады. Ғабит көлігінің орындығына жата қалады, жайлап басын көтеріп қараса, манағы алға қарай жүгіріп кеткен екен. Бұл да машинасын тастай сала, артынан жүгіреді. Жүгіріп жеткен полиция қызметкеріне әлгі күдікті: «Бауыр, мені жібер, қума артымнан!» деп одан әрі қаша жөнеледі. Бірақ әлгі адамның қандай да бір іске қатысы барын сезіп, артынан қалмауға тырысады. Қашқын алда тұрған екі коттедж үйдің бірінің ауласына секіріп түсіп, көзден ғайып болады. Осы айналадан ешқайда қашып кетпейтінін сезген тәртіп сақшысы дереу өз әріптестерін көмекке шақырады. Артынан бәрі анықталады.
Күдікті сол күні Алмазов көшесінің бойындағы үйлердің біріне кіріп, қолындағы аңшылық қаруымен қорқытып, үй иесінің ақшасы мен бағалы алтын бұйымдарын тонап кеткен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері екі үйдің біріне еніп, қаруды аулаға жасырып үлгерген күдіктіні қолға түсірді және ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 128-бабы бойынша Орал қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алады. Тергеу барысында 48 жасар күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды. Күдікті Орал қалалық сотының үкімімен биылғы маусым айында алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Осылайша қырағылық танытып, қылмыскердің қаруынан тайсалмай, қайсарлық көрсеткені және қылмыстың тез арада ашылуына мүмкіндік жасағаны үшін аға сержант Ғабит Нұғманов ІІД басшылығы тарапынан лайықты бағаланып, мемлекеттік марапатқа ұсынылды.
- Президенттің батыл шешімдері бейбіт өмірге тез оралуға мүмкіндік береді – Мәулен Әшімбаев
- Алматыда жалдамалы пәтерден цифрлық техника мен әскери амуниция табылды
- Алматы Полиция департаментінің ғимаратына шабуыл алдын ала жоспарланған – шұғыл штаб
- Ақтөбеде кәсіпкерлерден 19 өтініш түсті
-
Атырауда аңшы пышағымен және тапаншамен жүргендер ұсталды
-
БҚО-да 10 адам әкімшілік қамауға алынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам




