Батысқазақстандық полицейлер 2 мыңнан астам киік мүйізін тәркіледі

None
Фото: БҚО полиция департаменті
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батысқазақстандық полицейлер 2 мыңнан астам киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында киік дериваттарының заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топты ұстады.

«Тінту барысында 2 мыңнан астам киік мүйізі табылып, тәркіленді. 5 күдікті Орал қаласы полиция басқармасына жеткізілді. Олардың үстінен ҚР ҚК 339-1-бабына (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар