Батысқазақстандық өнерпаздар Қызылордада өткен «Қыдыр қонған Қызылорда» атты аймақтық әнші-композиторлар байқауынан олжалы оралды

None
None
ОРАЛ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармония өнерпаздары,

Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Еркін Нұрымбетов пен әнші Еркін Өтегенов Қызылордада өткен «Қыдыр қонған Қызылорда» атты аймақтық әнші-композиторлар байқауынан олжалы оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласының 190 жылдығына және облыстың 70 жылдығына орай ұйымдастырылған өнер додасында Е.Нұрымбетов ақын Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған «Ақмешітім - Қызылордам» әнімен облыс әкімінің арнайы жүлдесіне ие болды. Ал әншілер сынында Кеңес Дүйсекеевтің «Анашым» және халық әні «Сәулем-айды» сәтті орындаған Е.Өтегенов байқаудың бас жүлдегері атанды. Қазылар алқасының төрағасы, белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев Еркін Өтегеновтің өнерін жоғары бағалады.

Соңғы жаңалықтар