Батысқазақстандық оқушылар Бразилияда өткен халықаралық олимпиададан олжалы оралды

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдағы дарынды ер балалар қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушылары Ғалымжан Асылханов, Тимур Қосдәулетов, Ерназар Сапашев Бразилияның Жаңа Гамбург  қаласында өткізілген MOSTRATEC-2009 жобалар олимпиадасынан алтын медальмен оралды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш білім бәсекесі Бразилияда мектеп оқушылары арасында математика, химия, физика, астрономия пәндеріне қоса экологиялық мәселелер бойынша 1979 жылдан бері өткізіліп келеді. «Өндіріс ошақтарының адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян-залалы» атты ғылыми жоба ұсынған оралдық оқушылар Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласы маңындағы хром өндірісінің қоршаған ортаға әсерін тақырып өзегі етіп алған. Олардың жетекшісі - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Раиса Рүстемова.

Қазақстан атынан аталмыш олимпиадаға 16 оқушы қатысып, олар елге 11 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен оралған.

Соңғы жаңалықтар