Батысқазақстандық кеденшілер есірткі заттарын алып өтпек болғандардың жолын кесті

None
None
ОРАЛ. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің «Шаған» бекетінде «Бузулук-Орал» бағытындағы автобусты тексеру үстінде Ресей азаматы 1959 жылғы Б-ның қолжүгінен он қорап «Паглюферал-2» дәрі-дәрмегі табылды.

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, сарапшылар қорытындысына сәйкес жалпы саны 200 дана дәрі-дәрмек құрамында жүйкеге әсер ететін «Фенобарбитал» бар. Мұндай ірі көлемдегі дәрі-дәрмек затын кеденнен жасырын алып өту қылмыс болып саналады. Сондықтан аталмыш азаматтың үстінен ҚР ҚК 250-бабы 4-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ «Сырым» кеден бекетінде «Рэй» қызметтік иті кеденшілерге қазақстандық азамат 1965 жылғы М-ның қалтасынан 0,65 грамм кептірілген марихуананы табуға көмектесті. Бұл факті бойынша да ҚР ҚК 250-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Батысқазақстандық кеденшілер жыл басынан бері 59 қылмыстық іс қозғаса, соның 21-і есірткі тасымалына байланысты.

Соңғы жаңалықтар