Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Батысқазақстандық каратэші әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

2018 жылғы 9 желтоқсан 01:11 146
Бөлісіңіз:
Батысқазақстандық каратэші әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Болгарияның Варна қаласында 12-17 жастағылар арасында киокушинкай каратэ KWU-дан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жасталап Санауов WKF Атқарушы комитетінің құрамына кірді Киокушинкай-кан каратэден ел чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Ұлттық республикалық киокушинкай-кан федерациясы БҚО филиалының директоры Солонго Исханның айтуынша, дүниежүзілік додаға әлемнің ең күшті деген 751 каратэшісі қатысты.

«KWU - киокушинкай каратэнің біріккен әлемдік қауымдастығы. Әлем біріншілігінде бәсекелестік жоғары болды. Міне, сондай айтулы додада батысқазақстандық шәкіртіміз Нұргүл Сапарова күміс жүлдеге қол жеткізді. Нұргүл үш кездесуінде жеңіске жетіп, тек соңғы бәсекеде төрешілер шешімімен 2016 жылғы әлем чемпионына жол берді. Бұл - үлкен жеңіс», - деді ҚазАқпарат тілшісіне С.Исхан.


Батысқазақстандық каратэші әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Айта кетейік, әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1 алтын, 3 күміс, 6 қола медальмен үшінші орынға көтерілді. Мағжан Әбдухалық чемпион атанса, Нұргүлден басқа Рахат Жанғабылов пен Кәмила Кемелбекова күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Айбек Шаукилов, Алдияр Досымов, Жанель Едлипова, Медет Әжібек, Бекарыс Сұрағанбек, Нұрасыл Мықтыбек қола медальді еншіледі.


Батысқазақстандық каратэші әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT