Батысқазақстандық ғалым филология ғылымдарының докторы атанды

None
None
ОРАЛ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батысқазақстандық ғалым  Ғабит Хасанов филология ғылымдарының докторы атанды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясында еңбек ететін ғалым диссертациясын «Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы» деген тақырыпта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде сәтті қорғап шықты. Ғылыми жұмысқа филология ғылымдарының докторы, профессор Берікбай Сағындықұлы жетекшілік етті. Аталмыш еңбекте ғалым қазақ тілінің өзекті мәселелерін, соның ішінде лексикалық нормалардың сақталуын барынша терең қарастырған. 

Соңғы жаңалықтар