Батысқазақстандық фермерлер жылыжай шаруашылығын жолға қойып келеді

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық фермерлер жылыжай шаруашылығын жолға қойып келеді.  «Жайық шаруасы» агротауар өндірушілер қауымдастығының төрағасы Берік Омаровтың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, биыл Бүкіләлемдік банк пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы бойынша республикалық байқауда озып шығып,

грантты ұтып алған аталмыш қауымдастық көкөніс, бау-бақша өнімдерін сырттан қымбатқа әкелмей, өзімізде өндіру үшін шаруа қожалықтарына көмек көрсетуді мақсат етіп отыр. Осының бір жолы - жылыжай мүмкіндігін барынша тиімді пайдалану. Бұл ретте Бөрлі ауданы Пугачев ауылындағы «Шағын» шаруа қожалығында жаңа жылыжай орнатылып, онда фермерлер үшін алғашқы тренинг өткізілді. Оған қатысқандар көкөніс өсірудің негізгі тәсілдерімен іс жүзінде танысты. Фермер Бауыржан Фаткулин мен жоба кеңесшілері жылыжайда жекелеген технологиялық әдістердің қалай атқарылатынын көрсетті. Келесі күні ұйымдастырылған семинарда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, сондай-ақ аудандық әкімдіктер өкілдері, кәсіпкерлер мен фермерлер көкөністі жылыжайда, жабық топырақта өсірудің артықшылықтары мен экономикалық тиімділіктері, технология мәселелерімен кеңірек танысты.

Соңғы жаңалықтар