Батысқазақстандық дзюдошы Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батысқазақстандық дзюдошы Аңсарбек Ғайнуллин Аустрияның Лейбниц қаласында жастар арасында өткен Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аңсарбектің бапкері Талғат Балмағамбетовтің айтуынша, шәкірті 73 кг салмақта жеті рет татамиге шығып, белдесулерін өткізді. Қола жүлде үшін бәсекеде мықты жапон спортшысын тізе бүктірді.

А.Ғайнуллиннің жаттықтырушылары - Т.Балмағамбетов пен Азамат Қапсатов.

Еске сала кетейік, Аңсарбек Ғайнуллиннің бұдан бұрын биылғы мамыр айында Бейрут (Ливан) қаласында жастар арасында өткен Азия біріншілігінде чемпион атанғанын хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ дзюдошы Ғалбадрах Отғонцэцэг Мадридте ерлер мен әйелдер арасында өткен Еуропа кубогында жартылай финалға шығып, кейін ол да қола жүлдегер атанды. 

Соңғы жаңалықтар