Батысқазақстандық дәрігерлер «Ақжайық» шипажайында демалып жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері «Ақжайық» шипажайында демалып, ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің ұсынысымен дәрігерлерді «Ақжайық» шипажайында тегін демалдыру жөнінде шешім қабылданды.

Теректі ауданы аумағында Жайық өзені жағалауында, орманды жерде орналасқан «Ақжайық» шипажайы әуелден елге кеңінен танымал.

Шипажай директоры Альберт Сафиуллиннің айтуынша, қазірдің өзінде тоғыз дәрігер демалып үлгерді. Күні бүгін 21 медицина қызметкері ем алуда.

Жұқпалы аурулар ауруханасы мен провизорлық стационарларда қауіп-қатерге қарамай, күн-түн демей еңбек етіп жүрген дәрігерлер (барлығы 200-дей) демалысқа шыққан кезінде қыркүйек айының аяғына дейін қабылданатын болады.

Екі адамдық бөлмеде жататын келушілер тиісті ем-дом қабылдайды. Клубта ұйымдастырылатын мәдени шараларға қатысып, бильярд, теннис ойнайды. Сауна мен бассейнге де түсе алады.

Осылайша денсаулығын шыңдап, тыныққан медицина қызметкерлері өз қызметтеріне қайта оралатын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда карантин басталғалы 12 адамның үйлену тойын жасағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар