Батысқазақстандық бес бірдей ғалым «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі дәстүрлі түрде ұйымдастыратын «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауының 2014 жылдың қорытындысы бойынша жеңімпаздары атанғандар қатарында батысқазақстандық ғалымдар да бар.

Атап айтқанда, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің үш бірдей оқытушысы грантты жеңіп алды. Олар: Ұлжан Ахметова - тарих ғылымдарының докторы, профессор, Рита Сұлтанғалиева - филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Татьяна Терещенко - география ғылымдарының кандидаты, доцент.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінен техника ғылымдарының докторы, профессор Сәрсенбек Монтаев пен география ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қажымұрат Ахмеденов озық шықты.

Айта кетейік, аталмыш байқауға еліміздегі 90 ЖОО-дан 545 үміткер қатысып, соның 200-і үздік атанды. Грант байқау жеңімпаздарына әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге, өздерінің ғылыми жобаларын жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар