Батысқазақстандық балуан жастар арасында әлем чемпионы атанды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 6-сы. /ҚазАқпарат/ Ғайсағали Ералы - Түркияның Анкара қаласында грек-рим күресінен өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында батысқазақстандық балуан Артур Үмбетқалиев чемпион атанды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Артур 50 килә салмақта финалда кубалық Хавьер Гонсалесті ұтып, алтын медальды жеңіп алды. Батысқазақстандық балуан биыл Манила қаласында жастар арасында Азия чемпионы атанған болатын. Мұрат Жұмашев жаттықтыратын Артур небары 19 жаста.

Соңғы жаңалықтар