Батысқазақстандық балуан қыз Азия чемпионатынан күміс жүлдемен оралды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық балуан қыз Екатерина Ларионова Үндістанда еркін күрестен өткен Азия чемпионатынан күміс жүлдемен  оралды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұсабек Нарегеев жаттықтыратын Екатерина кадеттер арасында сынға түсті. Өзінің айтуынша, қапырық ауа райы қолайсыз әсер еткен. Соған қарамастан, 60 килә салмақта күрескен ол соңғы сында жапондық қарсыласына ғана есе жіберді. Алдағы жылы Азия біріншілігі Ташкент қаласында өтеді. Жапондық балуаннан сонда қарымта қайырмақ ниетте.

Көптен бері жеңістерімен көзге түсіп келе жатқан Е.Ларионова - болашағынан үлкен үміт күттіретін жас балуанның бірі.

Соңғы жаңалықтар