Батысқазақстандық балуан Е.Ларионова Минскіде өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Минск қаласында үш мәрте олимпиада чемпионы Александр Медведьтің жүлдесі үшін еркін күрестен халықаралық Гран-при турнирі мәреге жетті.

Осымен 45-інші рет өткізіліп отырған мерейтойлық жарысқа ирандық спортшылардан басқа әлемнің ең мықты деген балуандары қатысты. Олардың арасында олимпиада, әлем чемпиондары мен жүлдегерлері болды. Айталық, әйелдер күресінен 63 келі салмақта батысқазақстандық Екатерина Ларионова финалда Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері, колумбиялық Жаклин Рентериамен кілемге шықты. Сөйтіп, осы белдесуде ғана есе жіберген өткен жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Е.Ларионова аталмыш жарыста күмістен алқа тақты. Сондай-ақ тағы бір қазақстандық Айым Әбілдина 58 келіде венгриялық Марианна Састиннен ұтылып, күміс жүлдеге қол жеткізді. Оған қоса Дәулет Ниязбеков (61 кг), Саятбек Оқасов (65 кг), Элеонора Әбуталипова (48 кг), Айжан Исмағұлова (55 кг) қола жүлдегер атанды.

Соңғы жаңалықтар