Батысқазақстандық балуан әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды

None
None
ОРАЛ. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық балуан Артур Үмбетқалиев жастар арасында грек-рим күресінен Түркияның Анкара қаласында тамыздың 2-сінде басталатын әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрын кадеттер арасында Азия біріншілігінің жүлдегері атанған Артурдың табысы жыл сайын еселеніп келеді. Биыл Филиппин астанасы Манила қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Артур Үмбетқалиев қарсыластарының бәрін ұтып, чемпион атанды. Кейінгі кезде Алматы қаласында тұрып, жаттығып жүрген ол  19 жаста. Бапкері Мұрат Жұмашев, Қаратөбе ауданында тұратын ата-анасы Қойшығұл мен Рабиға Артурдан үлкен үміт күтеді.

Соңғы жаңалықтар