Батысқазақстандық балғын тоғызқұмалақшы Азия біріншілігіне қатысады

None
None
ОРАЛ. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Батысқазақстандықтар Қызылорда қаласында тоғықұмалақтан жасөспірімдер арасында өткен ел біріншілігінен олжалы оралды.

Еліміздің барлық өңірінен қатысқан үш жүзге жуық ойыншы жас ерекшеліктеріне қарай алты топқа бөлініп, сынға түскен. Швейцарьлық жүйеге сай өткен бұл сайыста 18 батысқазақстандық жас облыс намысын абыроймен қорғады. Нәтижесінде жекелей классикалық ойында 12 жастағы ұлдар тобында тоғыз турдың қорытындысы бойынша 8 ұпай жинаған Әсет Қайыржанов (№19 мектеп) чемпион атанса, 12 жастағы қыздар тобында  Ализа Ерниязова (№44 мектеп) қола жүлдеге қол жеткізді. Қанапия Қаяпбергенов жаттықтыратын бұл екі оқушы - қалалық мектептен тыс жұмыс орталығындағы тоғызқұмалақ үйірмесінің тәрбиеленушілері. Сөйтіп, олар спорт шеберлігіне үміткер деп танылды. Сондай-ақ жекелей блицте (шапшаң ойын) Бауыржан Ахметқалиев (жаттықтырушысы Д.Әбдікәрімов) 3-орынға табан тіреді.

Жарыс жеңімпаздарына күзде Қостанай қаласында өткізілетін Азия чемпионатына жолдама берілді.  Олардың ішінде Әсет те бар.

Соңғы жаңалықтар