Батысқазақстандық балғын балуандар халықаралық турнирден табыспен оралды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Саратов облысындағы Балаков қаласында жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен өткен халықаралық турнирден батысқазақстандықтар табыспен оралды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Саратов, Самара, Димитровград, Ульяновск, Балаков, Маркс, Тольятти, Воронеж, Орал қалаларынан, сондай-ақ қырғызстандық балуандар қатысты. БҚО спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қос алтын, екі қола жүлдені олжалады. Атап айтқанда, Санжар Лекеров (38 кг) пен Аян Жәрдем (100 кг) чемпион атанса, Айбарыс Меңдеш (63 кг) пен Бақтияр Қадырғалиев (48 кг) үшінші орынға көтерілді. Оларды Мақсот Төлегеновтің жаттықтыратынын айта кетейік.

Соңғы жаңалықтар