Батысқазақстандық ардагер самбошы әлем чемпионатына қатысады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО сотының төрағасы Бек Әметов самбодан ардагер спорт шеберлері арасында Қазақстанның он дүркін чемпионы Қуаныш Әбуовпен кездесіп, алдағы жарыста табысқа жетуіне тілектестігін білдірді.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, доғарыстағы судья Қуаныш Әбуов Орал қаласында 35 жас және одан жоғары ардагерлер арасында өткен кезекті ел чемпионатында тағы да өзінің мықтылығын дәлелдеп, жеңімпаз атанды. Сөйтіп ол биыл күзде Израильде өтетін әлем біріншілігіне жолдама алды.

Айта кетейік, 69 жастағы Қ.Әбуов - ардагерлер арасында екі мәрте әлем чемпионы.

Соңғы жаңалықтар