Батысқазақстандық ақын республикалық айтыстың жүлдегері атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  -  Батысқазақстандық ақын Эльдар Ихсанов республикалық айтыстың жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде осы ауданның 90 жылдығы мен Тұрымбет жырау Салқынбайұлының 150 жылдығына арналған айтулы додаға барлығы 10 ақын қатысып, бақ сынады.

Әйгілі жырау Алмас Алматов бастаған қазылар алқасының шешімімен қызылордалық белгілі айтыскер Мұхтар Ниязов бас жүлдеге тігілген жеңіл автокөлікті жеңіп алды.
null 

Қармақшылық Сырым Әділбек бірінші (1 млн теңге), тараздық, қазіргі кезде Астанада оқитын Аруна Керімбек екінші (700 мың теңге), оралдық Эльдар Ихсанов үшінші (500 мың теңге) орынға ие болды.

«Жүз жыраудың мекені атанған Қармақшыда өткен айтыстың деңгейі жоғары болды, мықты ақындар қатысты. Мен өзім астаналық Нұрмат Мансұровпен сөз қағыстым», деді ҚазАқпарат тілшісіне Э.Ихсанов.

Айта кетейік, бұл - Эльдардың республикалық айтыстағы үшінші жүлдесі. Бұған дейін ол Астана мен Ақтөбеде өткен додаларда жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын.

Соңғы жаңалықтар