Батысқазақстандық 6 турист велосипедпен Астанаға аттанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Елорданың 20 жылдығына орай батысқазақстандық алты велотурист Астанаға аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Виктор Фоминнің айтуынша, олар Астанаға дейінгі 2 мың шақырым жолды 20 күнде жүріп өтпек.

Мұндай веложорық Батыс Қазақстан тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Сапар мақсаты - Астананың 20 жылдығы аясында велотуризмді насихаттау, қалың бұқараның спортпен айналысуына септесу.

Жорықшылардың үшеуі - облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қызметкерлері болса, қалғандары - Ақжайық, Бөрлі, Сырым аудандарының  қосымша білім беру педагогтары. Олардың бәрі де жастар деуге болады, біреуі - әйел адам.

«Велосипедшілеріміз мұндай ұзақ қашықтыққа шығу үшін алдын ала дайындалды. Күн сайын 100 шақырымды артқа тастау оңай емес. Олар аудан-ауылдарды айтпағанда, Ақтөбе-Тобыл-Қостанай-Есіл қалалары арқылы жүріп өтіп, Астанаға 3 тамызда жетпекші. Әр қалада аялдап, туризм орталықтары мен тарихи орындарда болып, жергілікті туристермен тәжірибе де алмасады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Виктор Фомин.

null

Соңғы жаңалықтар