Батыс пен шығыстың арасын байланыстырушы буын болуымыз керек – ҚР Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның «Еуразияның көпірі» рөліндегі маңызы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің еліміз ислам, конфуциандық және шығыс-христиандық өркениеттің қиылысында орналасқан. Сонымен бірге, Шығыспен әрі Бастыспен бізді терең тарихи, ділдік әрі экономикалық дәнекерлік байланыстырып тұр. Біз саяси әрі өркениеттік өлшемдерде батыс пен шығыстың арасындағы байланыстырушы буын функциясын орындауға ұмтыламыз», - деді Президент «Мир» телеарнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз маңызды көліктік-коммуникациялық жобаларға қатысып келе жатқанын атап өтті.

«Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан бірқатар беделді еуразиялық құрылымдардың белсенді қатысушысы болып отыр. Оның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ЕҚЫҰ және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бар. Әрбір үш жылда Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтеді. Біз өзімізді Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік сауда көпірі ретінде парасатты түрде тұғырландырдық. Қазақстан үнемі қос континентті байланыстыратын көліктік-коммуникациялық жобалар аясында маңызды буын болуға ұмтылады. Осыған мәдени және тарихи маңыздағы құрамдауышты қоса атап өткен жөн», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар