Батыс өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы КВИ-ге қарсы вакцина салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарының әскери бөлімдерінде жылжымалы вакциналау бекеттері ұйымдастырылған. Әскерилерді вакциналау ерікті түрде жүргізілген.

«Әскери қызметшілерге Қазақстанда өндірілген «Sputnik V» және «QazVac» вакциналары салынады. Барлық санаттағы әскери қызметшілерді, әсіресе, жаңадан шақырылған сарбаздарды қоса есептегенде, жеке құрамның шамамен 90% вакцина алды. Олардың ешқайсысында вакцинаның кері әсері байқалмады. Әскери қызметшілердің денсаулық жағдайы жақсы, - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы медициналық қызметінің бастығы, медициналық қызметтің майоры Нағысхан Оразымбетов.


Оның айтуынша, Отан қорғаушылар күніне «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері вакцинаның бірінші компонентін салдыруды аяқтауды жоспарлап отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудағы әскери гарнизонға 100 сарбаз келгенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар