«Батыс» өңірлік қолбасшылығының ақпараттық-насихат тобы Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында болды (ФОТО)

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының ақпараттық-насихаттау тобы Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында 5-14 желтоқсан аралығында Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында болды.

Майор Ерболат Сұлтановтың хабарлағанындай, оған «Батыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Берік Омаров жетекшілік етті. Құрамында әскери бөлімдердің көркемөнерпаздары да бар топ алдымен Ақтөбе облысының Жем, Ембі аудандарында болып, оқушы жастармен, 6655-әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесті. Сапар барысында Ұлы Отан соғысы ардагері, милиция полковнигі Александр Бредловқа «Батыс» өңірлік қолбасшылығы атынан алғысхат пен бағалы сыйлық табыс етілді. Алға мен Атырау қалаларында балалар үйлері тәрбиеленушілеріне де осындай ілтипат пен тарту-таралғы жасалды. Атырау облысының Махамбет, Аққыстау ауылдарындағы жарқын жүздесулер Маңғыстаудың Құрық елді мекенінде жалғасты. Ақтауда ішкі істер ардагерлері мен Ақтау гарнизоны әскери қызметкерлерімен өткен кездесу 6656-әскери бөлімнің өнер ұжымы қойған концертке ұласты. Жаңаөзен қаласында 5548-әскери бөлімнің жеке құрамымен кездесуден кейін балалар ауылы ұмыт қалмады. Ақтаудағы Достық үйінде 6656-әскери бөлімнің жеке құрамы және оқушылармен, студенттермен өткен жүздесу гала-концертпен тәмамдалды.

Жиындарда полковник Берік Омаров «Нұрлы жол» бағдарламасын түсіндірсе, көркемөнерпаздар елдік, отаншылдық рухтағы шығармаларды орындап, қатысушылардың еңсесін көтере түсті

Соңғы жаңалықтар