«Батыс» өңірлік қолбасшылығында жаңажылдық ертеңгілікті 200-ден астам балдырған тамашалады (ФОТО)

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен Орал гарнизонында орналасқан 5517 әскери бөлімі қызметкерлерінің балалары үшін жаңажылдық ертеңгілік ұйымдастырылды.

Қолбасшылықтың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, салтанатқа 200-ден астам балдырған жиналып, олар шырша жанында түрлі конкурстарға, ойындар мен викториналарға белсене қатысты. Арнайы ойын-сауық бағдарламасы қойылып, шығармашылық ұжымдарының әртістері өнер көрсетті.

Балаларды «Батыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Берік Омаров құттықтап, оларға денсаулық, оқуда табыс, барлық тілектерінің орындалуын тіледі. Аяз ата мен Ақшақар да жұмбақ жасырып, бүлдіршіндерге өлең айтқызып, ән салдырды. Ертеңгілік соңында балдырғандарға сыйлықтар табыс етілді.

Осындай ертеңгіліктер «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде өтуде. Мүгедек балалар да елеусіз қалмайды. Оларға үйлерінде сыйлықтар тапсырылады.

Соңғы жаңалықтар