«Батыс» өңірлік қолбасшылығына 500-ден аса әскери қызметші келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің әскери бөлімдері мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қатары 2018 жылдың күзінде әскер қатарына шақырылған жас сарбаздармен толықты. Қазір жалпыға бірдей әскери дайындық курсы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелеріне еліміздің барлық өңірлерінен 500-ден астам әскери қызметкерлер келіп қосылды. Сабақтар барысында әскерге жаңа келген сарбаздар әскери дайындық негіздерін оқып үйреніп, тиісті әскери білім алып, күнделікті қызмет барысында атқыралатын жұмыстар бойынша тәжірибе жинақтап жүр.

Жас сарбаздарда әскери жағдайға бейімдеу жұмыстарына тәжірибелі сардарлар мен сержанттар басшылық жасайды. Жастарды үйрету жұмыстары барысында әсіресе олардың білім деңгейлері мен белгілі бір сала бойынша біліктіліктеріне, әскери қабілеттері мен мінез-құлқына, әр азаматтың жеке бойындағы ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді.

Жалпыға бірдей әскери дайындық шараларынан соң сарбаздар ант қабылдайды.

Айта кетейік, биылғы жылдың күзінде Қарулы Күштер мен өзге де әскерлерге және ҚР әскери құрылымдарына 1992-2000 жылдар аралығында туған 17 мыңнан астам жастарды шақырту жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар