«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ал, бұған дейін бұл қызметті атқарған Нұрлан Қапанұлы Алдияров Мемлекет басшысының өкімімен лауазымынан босатылды.

Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов 1970 жылы 24 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1992 жылы Рязань жоғары эскери командалық байланыс училищесін, 2000 жылдары ҚР ҚК Әскери академиясын тәмамдаған.

1988-1992 жылдары Рязан ЖӘКБУ тыңдаушысы болды. Генерал-майор. (05.05.2011).
1992-1998 жылдары Жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы байланыс ротасы байланыс взводының командирі, десанттық-шабуыл батальоны взвод командирі - байланыс бастығы, штабтық рота командирі, батальон командирінің орынбасары - штаб бастығы, батальон командирі, жеке десанттық-шабуыл батальонының командирі.

1998-2008 жылдары ҚР ҚК Әскери академиясының тыңдаушысы, Жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы тыл бойынша бастығынын (тыл ұйымдастыру-жоспарлау жұмысы бойынша) орынбасары, бригада командирінің тыл бойынша орынбасары - жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы тыл бастығы, Жеке десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары - штаб бастығы, бригада командирі.

2008-2010 жылдары ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары, қолбасшының әскери дайындық жөніндегі орынбасары - қолбасшы басқармасының жауынгерлік дайындық Басқармасының бастығы.

2010 жылдың сәуірінен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - Аэроұтқыр әскерлері штабының бастығы.

2013 жылғы ақпаннан бастап ҚР Қарушы Күштерінің Құрлық әскерлері Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы.

2015 жылғы 15 қазанда ол Мемлекет басшысының Өкімімен Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов «Батыс» өңірлік қол­бас­шылығы әскерлерінің қолбас­шысы қызметіне тағайындалды.

2017 жылы 11 желтоқсанда Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

2-дәрежелі «Айбын» орденімен (2010), медальдармен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар