Батыс өңірлердегі республикалық тасжолдар ашылды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс өңірлердегі республикалық тасжолдарда жол қозғалысына енгізілген шектеулер алынды, деп хабарлайды ҚазАқапар ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының жақсаруына байланысты Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар тасжолда жол қозғалысына енгізілген шектеулер алынды.

«Жолшылар жолдың жүру бөлігін қардан тазартты.

Соңғы ақпаратқа сәйкес Алматы облысында тұман мен көрінудің нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар екі тасжолда қозғалыс шектелді. Көліктің барлық түрі үшін «Алматы-Шелек-Қорғас» (25-136 шқ аралығы) және «Алматы-Ташкент-Термез» (59-101 шқ аралығы) тасжолдары жабық», - деп жазды ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар