«Батыс Күнбағыс» АҚ-ның өсімдік майын өндіретін зауыты қазан айының аяғында пайдалануға берілетін болады

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Теректі ауданындағы «Батыс Күнбағыс» АҚ-ның өсімдік майын өндіретін зауыты қазан айының аяғында пайдалануға берілетін болады.

Бұл туралы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің жауапты хатшысы Эдуард Квятковскийдің осы өндіріс орнында қыркүйектің 29-ында болған кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Облыстық мәслихат депутаты Мұрат Жаркеевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан жобаның құны 2,4 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі кезде зауытта жабдықтарды қондыру жұмыстары аяқталып келді. Алдағы уақытта аталмыш өндіріс орны сапалы өсімдік майымен өңірді толық қамтумен бірге оны шетке де шығармақ.

Э.Квятковский сапарының мақсаты Елбасы Жолдауына сәйкес жергілікті жерлерде атқарылып жатқан осындай шаруаларды көзбен көру екенін атап өтті. Бұдан кейін жауапты хатшы Теректі ауданының актив жиналысына қатысты.

Соңғы жаңалықтар