USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанның Теректі ауданына жаңа әкім келді

2021 жылғы 29 қараша 17:57
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанның Теректі ауданына жаңа әкім келді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Тілекқабыл Ғабдушев Теректі ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Руслан Жақсылықов ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды «Ақсу» футбол командасына жаңа бапкер тағайындалды Нұркен Мәзбаев «Тараз» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Тілекқабыл Александрұлы 1979 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі - жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін тарих пәні мұғалімі және экономика және бизнес магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Орал қаласындағы 19-мектепте мұғалім, Ақжайық аудандық білім беру бөлімінде бас маман, Абай атындағы мектеп-гимназия директорының орынбасары, Ақжайық ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.

2016 жылдан бастап бүгінге дейін Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның Тасқала ауданына жаңа әкім тағайындалғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT