Батыс Қазақстанның байланыс кәсіпорындары 3121,8 млн. теңгенің қызметін көрсетті

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысындағы байланыс кәсіпорындары биылғы сегіз айда 3121,8 млн. теңгенің қызметін көрсетті.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 4,4 пайызға аз. Дегенмен ауылдық жердегі байланыс қызметінің көлемі 25,7 пайызға өсіп, 779,5 млн. теңгені құрап отыр. Байланыстан түскен табыстың 36,1 пайызы халықаралық және қалааралық телефон байланысының үлесіне тисе, 23,7 пайызы - жергілікті байланыс, 18,5 пайызы Интернет желісіне қосылу еншісінде.

Тұрғындарға көрсетілген байланыстан түскен табыс 1768,2 млн. теңгеге жетіп, өткен жылғыдан 6,9 пайызға артық болды. 

Соңғы жаңалықтар