Батыс Қазақстанның бас сәулетшісі тағайындалды

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Конкурстық комиссияның шешіміне және меритократия қағидаттарына сәйкес Мәди Жангелдіұлы Отарбаев Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Мәди Отарбаев 1968 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Қазақ ұлттық сәулет-құрылыс академиясын инженер-құрылысшы және Қазақ Ұлттық құқық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Техника ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары құрылыс компанияларында инженер, директор, Орал қаласы сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім бастығы, ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі департаментінің басшысы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы, Алматы қаласы құрылыс басқармасының басшысы, ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

Күні бүгінге дейін Талғар ауданы құрылыс бөлімінің басшысы болып қызмет етті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО ақпараттандыру, мемқызмет және архивтер басқармасының басшысы ауысқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар