Батыс Қазақстанға тағы 14 мың доза вакцина жеткізілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысына тағы 14 мың доза вакцина (бірінші компонент) жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында, бұған дейін өңірге 20300 доза вакцина әкелінсе, соның 10150-і – бірінші, 10150-і екінші компонент еді.

Бүгінге дейін 10095 адам (99,4 пайыз) бірінші компонентпен егіліп үлгерді.

Қазіргі кезде вакцинация кестеге сәйкес жүргізілуде.

Облыста осы уақытқа дейін 16010 адам індет жұқтырса, соның 80,4 пайызы (12876) жазылып шықты. 252 адам көз жұмды.

Жыл басынан бері 84 адам өмірден озса, соның 28-і –қаңтарда, 15-і – ақпанда, 30-ы – наурызда, 11-і сәуірде қайтты. Соның ішінде 45-і – әйелдер, 39-ы – ер адамдар.

Марқұмдардың 95 пайызында созылмалы сырқаты болған.

«Күні бүгін 195 төсектік 4 карантиндік стационарда 21 науқас емделуде. Ал 730 төсектік 10 инфекциялық стационарда жатқандар саны 520-ға жетті. Соның ішінде 30-ы жансақтау бөлімінде жатыр», деді А.Қалибеков.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарда жатқандар саны 500-ге жуықтағанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар