Батыс Қазақстанға 3 мың доза «Спутник Lite» вакцинасы жеткізілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысына 3 мың доза «Спутник Lite» вакцинасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асхат Балықовтың айтуынша, аталған вакцинамен қазірдің өзінде 200 адам егіліп, ревакцинациядан өтіп үлгерді.

Оның сөзіне қарағанда, осы кезге дейін 265 637 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Бұл – жалпы жоспардың 64,1 пайызы. Соның ішінде 190 116-сы «Спутник V», 20 545-і «QazVac», 25 010-ы «Hayat-Vax», 7 729-ы «Corona-Vac», 22 237-сі «Vero Cell» вакцинасын таңдады.

Сондай-ақ 248 727 адам екінші компонентті қабылдады.

Облыс бойынша 40 453 тұрғын ревакцинациядан өтті. 8 385 адам Pfizer компаниясының вакцинасын салдырса, соның 4 330-ы – жасөспірімдер, 294-і – жүкті, 3 761-і – бала емізетін әйелдер.

Сонымен қатар 1 440 адам Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтсе, соның 604-і – медицина қызметкерлері, 836-сы – 60 жастан асқандар.

«Көпжылдық тәжірибе аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейін төмендетудің қауіпсіз әрі тиімді тәсілі вакцинация екендігін көрсетіп отыр. Сондықтан пандемияны жеңу үшін тұрғындар

вакцина алып, ұйымшылдық көрсете білгені жөн», деді А.Балықов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 431 оқушы, 178 мұғалімнен коронавирус анықталғанын, инфекциялық стационарлар саны 13-ке жеткенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар