+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Батыс Қазақстандағы тариф айырмашылығы кредиторлық берешек туғызған

2021 жылғы 18 мамыр 10:50
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстандағы тариф айырмашылығы кредиторлық берешек туғызған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне «Батысэнергоресурстар» ЖШС-нің басындағы проблеманы тезірек шешуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысының тұтынушыларына жылу үшін алынған 5 млн теңге қайтарылады Президент тапсырмасы: Екібастұзда көмір өндірісінің көлемі азайтылады Маңғыстау облысын сұйытылған газбен қамтамасыз етуде іркілістер болмайды

«Нарық субъектілері арасында берешектерді төлемеу және жинақтау бойынша сұрақтар бар, бұл энергия өндіруші ұйымдар тарапынан тұтынылған газ үшін төлеуге де әсер етеді. Тұтынушылардың топтары бойынша электр энергиясына арналған тарифтердің саралануына байланысты кепілдік беруші ретінде әрекет ететін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың жұмысында бірқатар мәселе туындап отыр. Осындай мәселелердің бірі – кепілдік беретін жеткізушілер мен реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасындағы тариф айырмашылығы. Салдарынан тұтынушы заңды тұлғалар шағын энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға кетіп жатыр», - дейді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Бұл жайт ақырында «Батысэнергоресурстар» ЖШС-нің кепіл беру құжаттары бойынша энергия өндіруші кәсіпорындар алдында 2 млрд теңгеден астам қарыз болып қалуына әкеп соққан.

«Осының кесірінен «Батысэнергоресурстар» жауапершілігі шектеулі серіктестігінің энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар алдындағы берешегі 2021 жылғы 1 мамыр жағдай бойынша 2 млрд 62 млн теңгені құрайды. Нарық субъектілері арасындағы жағдайды реттеу үшін Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне мүдделі тараптармен берешекті өтеу кестесін жасай отырып, электр энергиясы нарығы субъектілері арасындағы берешекті азайту жөніндегі мәселені пысықтау қажет деп санаймыз», - деді Нұрлан Ноғаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT