USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 618 адам коронавирустан көз жұмды

2021 жылғы 12 қазан 19:21
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 618 адам коронавирустан көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 618 адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жандарбек Бекшин коронавирусқа экспресс-тестілеу қолданысын кеңейтуді ұсынды «Коронавирус вакциналарының аса қауіпті екендігінің дәлелдері табылды» - фейк Жасөспірімдер коронавирус вакцинасын қалай қабылдайды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соңғы айларда қайтқандардың күрт өскені байқалады.

Атап айтқанда, қаңтарда – 28, ақпанда – 15, наурызда – 30, сәуірде – 41, мамырда – 57, маусымда 60 адам қайтыс болса, шілдеде – 144, тамызда – 139, қыркүйекте 90-ға жетті.

Қазан айының алғашқы он бір күнінде 14 науқас өмірден өтті.

Жалпы, пандемия басталғаннан бері 785 адам індет құрбанына айналды.

Басқарма мәліметіне қарағанда, соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтыру көрсеткіші 8,8 пайызға азайды.

Соңғы тәулікте 18 адамның ауырғаны анықталса, 19-ы сауығып шықты.

Індет басталғаннан бері облыста барлығы 38 058 науқас тіркелсе, соның 28 837-сі биылғы жылдың үлесіне тиеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да соңғы төрт күнде 230 адамнан коронавирус анықталғанын, сондай-ақ індет жұқтырған 100-ге жуық баланың емделіп жатырғанын жазған болатынбыз.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT