Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 473 өрт тіркеліп, одан келген шығын 233,1 миллионнан астам теңгені құрады

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы сегіз айда 473 өрт тіркеліп, соның салдарынан 16 адам жарақат алып, жеті кісі мерт болды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің аға маманы Дәмет Жұмағұлованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, өткен жылы осы мерзімде 436 өрттен 22 адам зардап шегіп, 14 кісі қаза тапқан еді. Өткен жылы өрттен келген шығын 216,72 млн. теңгені құраса, биыл 233,1 миллионнан асты.

Жыл басынан бері Оралда 200 өрт болса, Бөрлі мен Зеленов ауданында - 45, Теректіде - 35, Ақжайықта 29 осындай оқиға тіркелді. Өрттің 80-і қасақаналықтан шықса, 85-і электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбаудан, 187-сі отпен абай болмаудан орын алды.

Жалпы, сегіз айда облыста 533 төтенше жағдай тіркеліп, соның ішінде 23 адам суға кетті.

Соңғы жаңалықтар