Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 30-ға жуық автокөлік өртеніп кеткен

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тағы бір автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 3 мамыр күні Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласында болды.

Сағат 16.55-те 2-шағынаудан №8 үйдің маңында «Фольксваген Шаран» автокөлігінің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.


Өрт оған қоса «Фольксваген Гольф 3» автокөлігінің алдыңғы доңғалағын да шарпыған.

«Тілсіз жау» №28 өрт сөндіру бөлімшесінің күшімен (3 қызметкер, 1 техника) сағат 17.25-те ауыздықталды.

Департамент мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері өңірде барлығы 29 автокөлік өртенді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда көшенің қақ ортасында көлік өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар