20:16, 29 Шілде 2009 | GMT +6
Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 13694 жаңа жұмыс орны ашылды
Л. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 13694 жаңа жұмыс орны ашылды.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, соның 8823-і «Жол картасы» бойынша, ал 2125-і шағын және орта бизнес саласында ашылды. Облыста биылғы бірінші жартыжылдықта 8678 адам жұмысқа орналасты.
Өңірде 79 шетелдік компания болса, оларда 15201 адам еңбек етеді. Соның 1656-сы - шетелдік, 13545-і - қазақстандық мамандар. Жыл басынан бері 143 шетелдік қазақстандықпен алмастырылып, жергілікті қызметкерлер үшін 949 жаңа жұмыс орны ашылды. Компаниялардың қаражатына 273 адам оқытылып, 65-і еңбек орнын тапса, 32-сі жұмыс тәжірибесінен өтуде.