Батыс Қазақстанда жұмыссыздар саны 28,6 пайызға азайды

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы қарашаның 1-іне дейін жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздардың саны 2397 адамды құрады.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 28,6 пайызға аз. Соның ішінде ауылдық жерде 1746 жұмысыз тіркеліп, 24,2 пайызға кеміді. Жұмыссыздардың 61,4 пайызы - әйелдер, бірақ олар да өткен жылғы осы кезбен салыстырғанда 34,6 пайызға қысқарып отыр.

Жыл басынан бері 21799 адам жұмысқа орналасу жөнінде өтініш білдірген, бұл өткен жылғыдан 60,2 пайызға артық. Осы кезеңде 2066 адам (55 пайызға көп) кәсіптік білімін көтеруге жіберілсе, 7561 адам (11,2 пайызға жоғары) қоғамдық жұмыстарға қатысты.

Экономикалық белсенді тұрғындар санына шаққанда жұмысыздар үлесі жыл басында 0,9 пайыз болса, қазанда 0,7 пайызға түсті.

Соңғы жаңалықтар