Батыс Қазақстанда жұмыссыздар саны 26,3 пайызға қысқарды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында тамыздың 1-іне дейінгі мәлімет бойынша жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 2928 болып, өткен жылғы осы кезеңдегіден

26,3 пайызға қысқарды.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, соның ішінде ауылдық жерде 1797 жұмыссыз тіркелген, бұл өткен жылғыдан 31,5 пайызға аз. Жұмыссыздардың 65,1 пайызы - әйелдер. Олардың саны өткен жылғыдан 28,3 пайызға немесе 752 адамға кеміді.

Биылғы жеті айда 15663 адам жұмысқа орналасу жөнінде өтініш білдірсе, 1607 адам біліктілігін көтеруге жіберілді. 5706 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты.

Соңғы жаңалықтар