Батыс Қазақстанда жұқпалы дерттер арасында жоғары тыныс жолдарының ауруы көбейіп кетіп отыр

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жұқпалы дерттер арасында жоғары тыныс жолдарының ауруы көбейіп кетіп отыр.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, биылғы он айда осы дертке 54647 адам шалдықса (өткен жылғыдан 6,4 пайызға артық), соның 41637-сі - 14 жасқа дейінгі балалар. Соңғы қазан айының өзінде осындай 7319 ауру (4949-ы - балалар) тіркелген.

Сондай-ақ өңірде 531 туберкулез, 526 өткір ішек аурулары, 476 педикулез ұшырасқан. Жыл басынан бері 7 түйнеме тіркелсе, сарып (бруцеллез) 1,8 есеге өсіп, 40-қа жеткен.

Соңғы жаңалықтар