Батыс Қазақстанда жүк тасымалдау көлемі 11,2 пайызға артты

None
None
ОРАЛ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші тоқсанда 7,5 млн. тонна түрлі жүк тасымалданды, бұл өткен жылғыдан 11,2 пайызға көп.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өңірдегі жүк айналымы көлемі 433,9 млн. тонна/шақырымға жетіп, өткен жылғы бірінші тоқсандағыдан 31,4 пайызға асып түсті.

Облыс бойынша 2012 жылғы қаңтар-наурызда 97,5 млн. жолаушы көздеген жеріне жеткізілді, бұл өткен жылғыдан 29,6 %-ға артық. Осы кезеңде жолаушы айналымы 2011 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 18,6 %-ға өсіп, 1 591,5 млн. жолаушы/шақырымды құрады.

Соңғы жаңалықтар