USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда жүк пойызы 26 жастағы қызды қағып кетті

2021 жылғы 29 қыркүйек 16:51
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда жүк пойызы 26 жастағы қызды қағып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жүк пойызы 26 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында 3 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілмек Батыс Қазақстан облысын дамытудың кешенді жоспарында қандай жобалар қамтылған Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтыру деңгейі 11,2 есеге өсті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 29 қыркүйек күні Бөрлі ауданы аумағында болды.

Сағат 13.52-де Қазақстан станциясында 1995 жылғы қыз жүк пойызының астына түскен. Соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінде ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын жеткізді.

Қазіргі кезде іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда пойыз қағып кеткен ер адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ дәрігерлер ота жасап, жас ана мен сәбилерінің өмірін сақтап қалды.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT