Батыс Қазақстанда жүк көлігі аударылып қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 28 маусым күні шамамен сағат 16.40-та Самара-Шымкент жолының 215-шақырымында Бәйтерек ауданы аумағында болды.

Түркістан облысына бара жатқан 26 жастағы жүргізуші Mersedens-Benz Actros жүк көлігінің руліне ие бола алмай, аударылуына жол берген.

Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Жүргізуші айық болған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі автокөлік соқтығысып, 2 адамның ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар