Батыс Қазақстанда «Жол картасына» сәйкес жұмыстар жалғасуда

None
None
ОРАЛ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Жол картасына» сәйкес жұмыстар жалғасуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бөрлі ауданында бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттен 547,3 млн. теңге бөлінген. Осы қаржыға Ақсай қаласында №1 балабақша, Кеңтүбек ауылдық клубы күрделі жөнделсе, жергілікті маңызы бар жолға ағымдағы жөндеу жасалған. Сондай-ақ Қызылтал-Ақбұлақ-Жаңақоныс-Ақсу газ құбыры тартылуда. Бұл жұмыстарға 306 жергілікті тұрғын тартылған.

Тасқала ауданының әкімі Өтеміс Мырзағалиевтің айтуынша, «Жол картасы» бағдарламасы аясында ауданға 71,2 млн.  теңге бөлініп, Амангелді орта мектебі, аудандық мәдениет үйі, Қалмақ елді мекендерінің су құбырлары күрделі жөндеуден өткізіліп,  152 адам жұмысқа тартылды.  Сондай-ақ жолдарды қалыпты ұстауға, жай және орта жөндеуге  60 млн. теңгеге жуық қаражат қарастырылып, 117 адам жіберілді.

Күні бүгін «Жол картасы» бойынша  жоспарланған 210-ның орнына 269 жаңа жұмыс орны ашылды. Сол секілді биыл 370 адамды жұмысқа  орналастыру көзделсе, бұл 903 адамға жетті, осының 238-і мақсатты топтан, мұның сыртында 5 адам ілкімді жоба бойынша жұмысқа тартылды.  3958,0 мың теңгеге 52 адамды жастар тәжірибесінен өткізу жоспарланса, 57 жас маманға жолдама беріліп, 17 мекемемен келісімшарт жасалды.

Соңғы жаңалықтар