Батыс Қазақстанда «Жол картасына» сәйкес үш мыңнан астам адам оқуға жіберілді

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Жол картасына» сәйкес кадрларды қайта даярлауға биылға 443,7 млн. теңге қаралса, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 138 млн. теңге бөлініп, ол 99,4 пайызға игерілді.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, биыл 3114 адам оқуы немесе қайта даярлықтан өтуі тиіс болатын. Күні бүгін 3101 адам оқуға жіберілді. Өңірде барлығы 31 оқу орнында мамандық алу ұйымдастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар