Батыс Қазақстанда «Жол картасына» сәйкес бөлінген қаржының жұмсалуы бақылауға алынды

None
None
ОРАЛ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Жол картасына» сәйкес бөлінген қаржының жұмсалуы бақылауға алынды.

БҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл мақсатқа 4976958,0 мың теңге бөлінсе, соның 4279936,0 мыңы - республикалық, 697022,0 мыңы жергілікті қазынадан қарастырылған болатын. Жалпы, «Жол картасы» оң нәтиже берді. Айталық, жергілікті маңызы бар 5235,5 шақырым жолды ағымдағы жөндеуге 800 млн. теңге берілсе, осыған орай 1702 жұмыс орны ашылып, 1251 жұмыссыз жіберілді. 17 білім беру, 6 денсаулық сақтау, 13 мәдениет, 20 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысанын жөндеуге 2,3 миллиардтан астам теңге жұмсалды. Құрылыс жұмыстарына 3 мыңнан астам жұмыссыз қатысып, жеті мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 2355 әлеуметтік жұмыс орнына 211 миллионнан астам теңге бағытталса, шын мәнісінде үш мыңнан астам адам еңбек орнын тапты.

Аталмыш инспекция 44 нысанда тексеру жүргізсе, соның 19-ынан 274672,0 мың теңгенің заңбұзушылық фактілерін анықтады. Атап айтқанда, 8 нысанда 272082,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу заңдылығы бұзылса, 11-інде 2590,0 мың теңгеге бюджет заңдылығы аяқасты етілген. Төрт лауазымдық қызметкер әкімшілік, 19 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылса, оның біреуі орнынан босатылды. Айыппұл көлемі 518,2 мың теңгені құрап, ол бюджетке аударылды.

Соңғы жаңалықтар