Батыс Қазақстанда «Жол картасына» сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ашу 151 пайызға орындалды

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жоспарланған 2355-тің орнына 3556 әлеуметтік жұмыс орны ашылып, 151 пайызға орындалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан түскен мәліметке сілтеме жасап.

Осы мақсатқа БҚО бойынша 211,5 млн. теңге қаралып, 158,6 млн. теңге бөлінген болатын. Осының 157,59 миллионы немесе 99,4 пайызы игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу жөнінде 480 мекеме-ұйыммен келісім-шарт жасалды.

Соңғы жаңалықтар